Барлық қырынан көшбасшымыз
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Барлық қырынан көшбасшымыз
Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығыағымдағы жылғы 20 тамызда білім берудегі өзгерістердің білікті көшбасшыларын жан-жақты және сапалы даярлау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Кадрлық резерв мектебі – 2025» диалогтік сабақтарын жалғастырды.
Филологияғылымдарының докторы, профессор Амангелді Рақышұлы Бейсембаевпен белсенді форматта кездесу өтті, ол рухани-адамгершілік даму және тұлғаны тәрбиелеу негізі болып табылатын жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.
«Өзгерістер архитектурасы: ойлаймыз және әрекет етеміз» бірыңғай тақырыбы бойынша жазғы кезеңнің екінші күні тыңдаушыларының жұмысы жалғастырылды. Заманауи дидактика мен менеджменттің өзекті бағыттарын қарастыра отырып, болашақ басшылар өздерінің креативті идеяларымен бөлісті, мектептерде жинақталған тәжірибені пайдалануды және іс жүзінде маңызды жаңа жобалар жасауды ұсынды.
Болашақ мектеп басшылары «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» республикалық жобасының түлектерінің қатысуымен білім беру қызметінің ең қызықты формаларын жоспарлады.