Павлодарда Тамыз конференциясы аясында жасанды интеллект және жаңа технологияларға арналған секция өтті.
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Павлодарда Тамыз конференциясы аясында жасанды интеллект және жаңа технологияларға арналған секция өтті.

2025 жылғы 20 тамыз күні Павлодар қаласында жыл сайынғы Тамыз конференциясы аясында «ХХІ ғасыр түлектері: жаңа еңбек нарығы және білім беру жүйесі алдындағы сын-қатерлер» атты секция жұмысы өтті. Іс-шараны Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Amansultan компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.
Секция барысында білім беруді цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын мектеп тәжірибесіне енгізу және ХХІ ғасыр түлегіне қажетті дағдыларды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Секция қонақтары – дрондар нарығы, жасанды интеллект және цифрлық білім беру саласындағы жетекші сарапшылар болды: Зарина Құтпанова – PhD сарапшысы, AITU университетінің сеньор-лекторы; Айдын Мауытхан – NEO AI компаниясының негізін қалаушы; Бегайым Мұрат – Amansultan білім платформасының академиялық директоры.
Олар дрон технологиялары, AI шешімдері және педагогикадағы инновацияларды қолдану жөнінде ой бөлісті.
Секция барысында қатысушылар мынадай маңызды сауалдарға бірге жауап іздеді: жаңа жағдайда мектептің рөлі мен орны қандай болмақ, ХХІ ғасыр түлектерін қандай білім, дағдылар және құндылықтармен дайындауымыз керек, болашаққа бағыттайтын мектеп басшылары мен педагогтар қандай болуы тиіс деген сұрақтар көтерілді. Бұл кездесу ортақ ой алмасуға, тәжірибе бөлісуге және білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеретін шешімдерді бірге табуға тамаша мүмкіндік болды.