«Ауыл мектебі – сапа алаңы» панельдік секциясы өтті

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» панельдік секциясы өтті

2025 жылғы 13 тамыз күні Республикалық тамыз конференциясы аясында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» тақырыбындағы №16 панельдік секция жұмысыАқмола облысы, Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында өтті. Секцияны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Еsen Foundation» және «Qulynzhon» Bilim beru qory қолдауымен өткізілді.

Секция жұмысына еліміздің әр өңірінен ауыл және шағын жинақты мектеп директорлары, педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының өкілдері және сарапшылар қатысты. Қатысушылар ауыл мектептерін дамыту, әдістемелік қолдау, инклюзияны енгізу, білім сапасын арттыру, цифрландыру, инновациялық тәсілдерді қолдану бағыттарында тәжірибе алмасты. Павлодар облысынан секция жұмысында №1 Чернорецк және Пресное ЖОББ мектептерінің математика пән мұғалімдерді В. Середкин мен К.Мансурова «Тірек мектеп – шағын жинақты мектеп» жобасы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.