ОҚУ МАҚСАТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰРАЛЫ -ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

ОҚУ МАҚСАТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰРАЛЫ -ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС

2025 жылғы 31 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтер мектебінің қатысушылары үшін «Оқыту мақсаттарын іске асыру нәтижесі ретінде сабақтағы кері байланыс» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Іс-шараға өңірдің 280-нен астам педагогі қатысты.

Семинар барысында сабақ жоспарлаудың заманауи талаптары талқыланды, атап айтқанда — құзыреттіліктерді қалыптастыру мен білімді тәжірибеде қолдануға бағытталу мәселелеріне назар аударылды. Тиімді кері байланыс — әрбір оқушының оқу мақсаттарын түсінікті, нақты және қол жетімді етуге мүмкіндік беретін қуатты құрал екені атап өтілді.

Педагогтер өздерінің педагогикалық зертханаларының жұмыс нәтижелерін ұсынып, керібайланысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін енгізу тәжірибесімен бөлісті: «География сабақтарын да Seterra және Umaigra платформаларында жедел кері байланысты ұйымдастырудың цифрлық құралдары мен әдістері»; «Ағылшынтілі сабақтарындағы тиімді кері байланыс әдістері»; «Әрбір бастауыш сынып оқушысының оқу мақсаттарына жетуіне көмектесудің тиімді кері байланыс құпиялары»; «Кері байланыс — табысқа бастар көпір: оқу мақсаттарын бастауыш сынып оқушылары үшін түсінікті әрі қолжетімді ету»; «Бастауыш мектептегі қалыптастырушы бағалау: шабыттандырып, мақсатқа жетелейтін кері байланыс».

Семинар соңында қатысушылар Google Forms платформасында онлайн-тестілеуден өтіп, іс-шараның мазмұнын бағалап, өз пікірлерін білдірді.

Бұл семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мен оқу сапасын жақсартуға бағытталған заманауи білім беру тәжірибелерін дамытудағы маңызды қадам болды.