ШЖМ педагогтеріне арналған шеберлік сағат

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

ШЖМ педагогтеріне арналған шеберлік сағат

    2025 жылғы 12 қараша күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы білім беру сапасын арттыру және дарынды балаларды қолдау шеңберінде «Білім алушыларды олимпиадаларға даярлау кезінде жобалау және зерттеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Іс-шараға облыс мектептерінің 200-ден астам педагогтері қатысты.

Білім алушылардың зияткерлік жарыстарда табысты өнер көрсетуі үшін маңызды құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған озық тәжірибелерді тарату басты міндет болды.

Ақсу, Екібастұз, Шарбақты және Тереңкөл аудандары мектептерінің педагогтері білім беру сапасын арттыру құралы ретінде жобалық қызметті тиімді пайдалануды көрсететін практикалық кейстерді ұсынды. Физика, география, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында осы әдістемелерді қолдану мысалдары қарастырылды.

Қатысушылар сыни ойлауды, талдау дағдыларын және өзіндік жұмысты дамыту, сондай-ақ жобалау және зерттеу тапсырмаларын тікелей олимпиадалық дайындық процесіне біріктіру мәселелерін талқылады.

   Шеберлік сағат аяқталғаннан кейін педагогтерге  ұсынымдар берілді.