«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері»  байқауы

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері»  байқауы

2025 жылдың 31 қазанында мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің инновациялық тәжірибесін анықтау, оны тарату және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңі өтті. Аталған кезеңге аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпазы атанған 6 әдіскер қатысып, өз жұмыстарын ұсынды.

Байқаудың екінші кезеңінде қатысушылар «Мектепке дейінгі ұйымның әдістемелік жұмысы» тақырыбындағы үздік материалдарын оффлайн форматта таныстырды. Осы кезеңде Ақсу қаласындағы «Балапан» сәбилер бақшасының әдіскері Аскарова Ляйля Амангелдыевна кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп, облыстық деңгейде Бас жүлдені жеңіп алды.

Өз ісінің шебері атанған Ляйля Амангелдыевна 13–14 қараша күндері Астана қаласында өткен республикалық кезеңге қатысып, жұмысын жоғары деңгейде қорғады. Шығармашылық көзқарасы мен тәжірибесін тиімді көрсете отырып, байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Ляйля Амангелдыевнаны зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Шығармашылық шабыт пен кәсіби табыс тілейміз!