2025 жылғы 2 желтоқсанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «ШЖМ білім алушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинар-практикум жұмысына ауылдық және шағын жинақты мектептердің педагогтері мен педагог-психологтері қатысты.
Білім беру ұйымдарында, әсіресе шағын жинақты мектептер жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселесі барынша өзекті болып табылады.Мұндай мектептерде білім алушылар көбінесе шағын топтардың ерекшеліктерін, сыныптардың жас ерекшеліктерін және шектеулі ресурстарды ескеретін ерекше тәсілді қажет етеді.
Семинар барысында қатысушылар оқушылардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге, білім алушылардың табысты бейімделуі мен әлеуметтенуіне жәрдемдесуге, оқу және эмоционалдық қиындықтарды ерте анықтауға және түзетуге бағытталған тиімді стратегияларды әзірлеу мен енгізуге назар аударды.
Онлайн-кездесу барысында педагогтер оқыту сапасын қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың жаңа, неғұрлым тиімді әдістерін іздеуде тәжірибе алмасты.