Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы
2025 жылғы 3 желтоқсан күні Павлодар облысының Білім беру басқармасы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: тәжірибе шеберханасы» тақырыбында мектеп және балабақша басшыларына, әдіскерлер мен тәрбиешілерге, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтеріне және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған IVРеспубликалық Форум өткізді.
Форумға Ы. Алтынсарин атындағы ҰБТ, «Балаларды ерте дамыту институтының» өкілдері, Ә.Марғұлан атындағы университеттің ғалымдары, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің мамандары, облыстық, қалалық/аудандық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері (Астана, Алматы қалалары, Абай, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Семей және Шығыс Қазақстан облыстары) қатысты.
Форум ұйымдастырушыларына 165-тен астам өтінім келіп түсті. Педагогикалық қауымдастық арасында ерекше қызығушылық тудырған төрт тақырыптық алаңда шеберлік сағаттары, әдістемелік сессиялар, кейс-талқылаулар өткізілді. Қатысушылар өздерінің үздік тәжірибелерімен және инновациялық тәсілдерімен бөлісті. Білім беруді цифрландыру, жасанды интеллектіні қолдану және білім беру үдерісінде отбасының рөлін күшейту бағытындағы жобалар ұсынылды.
Форумның қорытындысында білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстарды қамтитын қарар қабылданды. Қатысушылар форумда қозғалған тақырыптардың өзектілігін және практикалық маңыздылығын атап өтіп, алған білімдерін өз іс-тәжірибелерінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.
Форум қорытындысы бойынша электронды форматта жинақ жарық көреді.