Білім алушыларға арналған «Қысқы мектеп» әдістемелік шеберханасы өтті
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Білім алушыларға арналған «Қысқы мектеп» әдістемелік шеберханасы өтті
2026 жылғы 05 қаңтар күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім» жобасы аясында білім алушылар үшін «Күрделі тақырыптарды меңгертудегі тиімді жолдар: тәжірибе мен тетіктер» тақырыбында «Қысқы мектеп» ұйымдастырылып,ҰБТжәне функционалдық сауаттылық тапсырмаларына дайындықты жақсарту, сонымен қатар күрделі тақырыптар бойынша білім олқылықтарын толтыру үшін әдістемелік семинарлар өткізілді.
Іс-шаралар 4, 6, 8, 9, 11 сынып білім алушылары үшін ұйымдастырылды.Сабақтар интенсивті курстар мен тәжірибеге бағытталған сессиялар форматында өтіп, оның барысында қатысушылар өз пәндері бойынша ең күрделі тақырыптарды жан-жақты зерттелді. Білімді жүйелеуге, тұрақты оқу дағдыларын дамытуға және жиі кездесетін қателерді жоюға ерекше көңіл бөлінді.Жұмыс мектеп білім алушыларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып құрастырылған, бұл оқу мотивациясын арттыруға жағдай жасауға көмектесті.
Жұмыс барысында типтік қателерді талдауға, тұрақты пәндік дағдыларды дамытуға және өз бетінше білім алуды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.Білім алушылар практикалық тапсырмаларды орындап, шағын топтарда жұмыс істеді, педагогтер тарапынан атаулы қолдау алды. Бұл формат олардың мотивациясын, өзіне деген сенімділігін және әрі қарай оқуға дайындығын арттыруға жағдай жасады.