Practical Listening approaches for the English Language Olympiad preparation
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Practical Listening approaches for the English Language Olympiad preparation
2026 жылдың 13 қаңтар күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Олимп шыңы» кіші жобасы аясында облыстың ағылшын тілі пәні педагогтеріне арналған«Practical Listening approaches for the English Language Olympiad preparation» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Іс-шара ағылшын тілі бойынша олимпиадаларға оқушыларды дайындау мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Семинар барысында олимпиадалық тапсырмалардың маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын тыңдалым және жазылым дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.
Семинар аясында педагогтер олимпиадалық форматтағы тапсырмаларды талдау және әзірлеу бойынша практикалық жұмысқа қатысты. Тыңдалымды оқытудағы тиімді әдістемелік тәсілдер, сондай-ақ оқушылардың жазбаша сөйлеуінде ойды логикалық және дәлелді түрде жеткізу дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастырылды. Қатысушылар оқушылар жиі кездесетін қателіктер мен қиындықтарды талқылап, оларды еңсерудің тиімді стратегияларымен және лексика-грамматикалық дағдыларды дамытуға бағытталған практикалық әдіс-тәсілдермен танысты.
Семинар-практикум кәсіби тәжірибе алмасуға, өзара пікір алмасуға және өзекті әдістемелік шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар ағылшын тілі бойынша олимпиадаларға дайындық барысында қолдануға болатын әдістемелік ұсынымдар мен практикалық материалдарға ие болды.