«EDUSTREAM ЖҰЛДЫЗДАРЫ — 2026. PLAY! THINK! SPEAK!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«EDUSTREAM ЖҰЛДЫЗДАРЫ — 2026. PLAY! THINK! SPEAK!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«EDUSTREAM ЖҰЛДЫЗДАРЫ — 2026. PLAY! THINK! SPEAK!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

2026 жылғы 20 ақпанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы бастауыш сыныптардағы ағылшын тілі мұғалімдері арасында өткен «EduStream жұлдыздары — 2026. Play! Think! Speak!» республикалық байқауының облыстық кезеңінің ІІ турын қорытындылады. Сайысқа өңіріміздің ең үздік 9 педагогы қатысты.

Байқау барысында заманауи оқу-әдістемелік кешендер негізінде 3-4 сынып оқушыларының материалды сапалы меңгеруіне және спонтанды сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін ойын және ситуациялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

Сайыс бағдарламасы екі негізгі кезеңнен тұрды:
Байқаудың бірінші кезеңінің І туры бойынша педагогтер 3-4 сыныптарға арналған сабақтың қысқа мерзімді жоспарын ұсынса, ІІ турда сабақтың бейнефрагменттерін таныстырды.

Сарапшылар қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар келесідей анықталды:

Бас жүлде: Дугина Анастасия Егоровна (Ақсу қ., №7 ЖОББМ);

І орын: Икласова Айгуль Базыловна (Ақтоғай ауданы, М. Қайырбаев атындағы ЖОББМ);

ІІ орын: Есова Сымбат Асыловна (Екібастұз қ., С. Торайғыров атындағы №22 МГ) және Сләмбек Диана Муратқызы (Ақтоғай ауданы, Нығманов атындағы ЖОББМ);

ІІІ орын: Тлеубердина Ботакоз Мустахимовна (Баянауыл ауданы, М. Әуезов атындағы ЖОББМ) және Каменова Гульмира Толегеновна (Павлодар қ., №25 ЖОББМ).

Жеңімпаздар республикалық кезеңде Павлодар облысының намысын қорғау мәртебесіне ие болды. Барлық қатысушыларға инновациялық педагогикалық тәжірибені дамытуға қосқан үлестері үшін сертификаттар табысталды.

Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және республикалық додада сәттілік тілейміз!