23 ақпанда А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінде «Идеядан тәжірибеге: мектепте Lesson Study-ді енгізу» атты республикалық жобаның екінші кезеңі өтті. — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

23 ақпанда А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінде «Идеядан тәжірибеге: мектепте Lesson Study-ді енгізу» атты республикалық жобаның екінші кезеңі өтті.

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

23 ақпанда А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінде «Идеядан тәжірибеге: мектепте Lesson Study-ді енгізу» атты республикалық жобаның екінші кезеңі өтті.

Іс-шара педагогтердің кәсіби өзара іс-қимыл алаңына айналды. Онда «Lesson Study» – оқыту сапасын арттырудың, білім алушылардың әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамытудың, сондай-ақ зерттеу сабақтарын бірлесіп жоспарлау, өткізу, бақылау және талдау арқылы «Адал азамат» бағдарламасының – жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын нығайтудың тиімді тетігі ретінде қарастырылды.

Жоба кең ауқымды сарапшылар қауымдастығын біріктірді:
қаланың 10 мектебінің, облыстың 6 мектебінің және республиканың өңірлерінен 11 мектептің өкілдерін,
4 педагогикалық жоғары оқу орнының мамандарын,
Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерін, Білім беруді дамыту инновациялық орталығының әдіскерлерін, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мамандарын, ата-аналар қауымдастығы мен әлеуметтік серіктестерді қамтыды.

Екі ай бойы фокус-топтарға біріктірілген қатысушылар зерттеу сабақтарын әзірледі: зерттеу әдісін айқындап, зерттеу сұрақтарын тұжырымдап, пәндік мазмұн арқылы «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған оқу жағдаяттарын жобалады.

 Екінші кезеңде 6 зерттеу сабағы ұсынылды:
2 бинарлық сабақ (физика + тарих; химия + биология);
4 team-teaching форматындағы сабақ (бастауыш сынып, ағылшын және қазақ тілдері).

 «Team-teaching» форматы мектепаралық нақты серіктестіктің үлгісіне айналды: сабақтар Павлодар қаласының №47 жалпы орта білім беру мектебі педагогтерімен, дарынды балаларға арналған №8 лицей және Екібастұз қаласының №35 мектеп-гимназия мұғалімдерімен бірлесіп өткізілді. Бұл «әрекеттегі» бірлескен оқыту мен тәжірибе алмасудың кәсіби моделін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

 Ең басты ерекшелік – көпшілікке арналған ашық сабақ форматының енгізілуі аталды – бұл ашық зерттеу сабағы, онда барлық қатысушылар қонақ ретінде емес, оқу үдерісінің кәсіби бақылаушылары, әрі бірлескен зерттеушілері ретінде әрекет етеді.

 Аталған формат Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері тарапынан ұсынылды – олар Жапонияда өткен «World Association of Lesson Studies (WALS)» дүниежүзілік зерттеу сабағы конференциясының қатысушылары. Бұл конференцияда «Public Lesson» тәжірибені ұжымдық талдау мәдениетінің маңызды бөлігі болып саналады.

Бұл халықаралық тәжірибені қазақстандық контекске енгізу педагогтердің кәсіби білімін жетілдірудің жаңа моделін дамытуға жасалған қадам болды – бақылау, дәлелді талдау және сабақты бірлесіп жақсарту арқылы.

Зерттеу сабақтары гибридті форматта – офлайн және онлайн бір уақыт аралығында өтті. Қашықтан қатысушылар саны 600-ге жуық, әр сабақтың трансляциясы 10 ракурстан жүргізіліп, оқу үдерісі мен педагогикалық шешімдерді нақты уақыт режимінде жан-жақты бақылауға мүмкіндік берді.

Осылайша, жобаның екінші кезеңі «Lesson Study-дің» мектептерді біріктірудің, халықаралық тәжірибені интеграциялаудың және болашақ білім сапасына бағытталған тұрақты бірлескен педагогикалық зерттеу мәдениетін қалыптастырудың тиімді механизмі ретінде әлеуетін демонстрациялады.