2026 жылғы 25 ақпанда Мичурин орта мектебі Павлодар ауданы педагогтер қауымдастығының кәсіби өзара ықпалдастығына арналған алаңға айналды. — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

2026 жылғы 25 ақпанда Мичурин орта мектебі Павлодар ауданы педагогтер қауымдастығының кәсіби өзара ықпалдастығына арналған алаңға айналды.

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

2026 жылғы 25 ақпанда Мичурин орта мектебі Павлодар ауданы педагогтер қауымдастығының кәсіби өзара ықпалдастығына арналған алаңға айналды.

2026 жылғы 25 ақпанда Мичурин орта мектебі Павлодар ауданы педагогтер қауымдастығының кәсіби өзара ықпалдастығына арналған алаңға айналды. Аталған білім ордасында Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының бастамасымен практикалық бағыттағы көшпелі әдістемелік десант өткізілді.

Жиынға Павлодар ауданының жалпы білім беретін мекемелерінен 150 мұғалім мен оқу ісі жөніндегі 14 директор орынбасары қатысты.

Кездесу міндеттеріне білім беру мазмұнын жаңғырту және оқыту нәтижелілігін арттыру бағытталды. Іс-тәжірибе барысында заманауи білім беру тәсілдері меңгеріліп, тәжірибелік қолданыстан өткізілді. Бұл педагогтерге жаңа әдістерді игерумен қатар, оларды сабақ барысында тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

Талқылау аясында білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың жеке оқу мүмкіндіктерін ескере отырып тапсырмалар әзірлеу, сондай-ақ белсенді оқытуды қамтамасыз ететін «Аударылған сынып» моделін енгізу мәселелері қамтылды.

Сонымен қатар бағдарламада оқу қызметін сараптау және педагогтер арасындағы кәсіби өзара пікір алмасуға басымдық берілді.

Әдістемелік десант нәтижесінде аудан мектептеріндегі білім беру тәжірибесін жетілдіруге бағытталған нақты практикалық ұсынымдар жинағы қалыптастырылды.