Жұмыс талдауынан жаңа белестерге
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Жұмыс талдауынан жаңа белестерге
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Қаладан – ауылға» инновациялық жобасын іске асыру барысында Павлодар облысының мектептеріндегі кәсіби ынтымақтастықты дамытудың ұйымдастыру мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Кәсіби диалог барысында Болгария, Ресей және Қазақстаннан спикерлер білім беру сапасын арттырудың ең тиімді, жұмыс істейтін тетіктерін айқындап, маңызды іс-қимылдарға басымдық берді.
«Қаладан – ауылға» облыстық инновациялық жобасының менеджерлері, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен келген әріптестер мамандандырылған мектептер мен ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастыққа аралық талдау жасады. Зияткерлік мектептердің (НЗМ) педагогтері жеке білім беру маршруттарын әзірлеу тәжірибесін көрсетті.
Кейбір спикерлер өз қызметтерінде оқу процесінің сапалық өзгерістері мен білім алушылардың жеке дамуын зерттеу дағдыларының жеткіліксіздігін атап өтті. Осыған байланысты, әр мектептің оқу-тәрбие процесіне KPI-дің нақты құралдарын әзірлеу және енгізу туралы ұсыныстар бірнеше рет айтылды.
Сондықтан дөңгелек үстел қатысушыларының шешімімен оқу процесін әдістемелік сүйемелдеудің екіжақты жоспарларына түзетулер енгізілетін болады.
Әзірленген шаралар дөңгелек үстел резолюциясында айқындалып, ағымдағы оқу жылында іске асыру үшін қабылданды.