Сараптамалық кеңестің жаңа ережесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Сараптамалық кеңестің жаңа ережесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Сараптамалық кеңестің жаңа ережесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2026 жылғы 3 наурызда Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы «Сараптамалық кеңес ережесі» (өзгерістер және толықтырулармен)бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын арнайы ұйымдар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) басшылары мен жауапты әдіскерлері үшін онлайн форматта өткізді.

Кездесудің мақсаты қатысушыларды Сараптамалық кеңестің қызметін ұйымдастыруға және сараптамаға ұсынылатын материалдарға қойылатын жаңартылған талаптар туралы хабардар ету болды.

Кездесу барысында Сараптамалық кеңестің қызметін жетілдіруге бағытталған негізгі өзгерістер мен толықтырулар мұқият қаралды.

Кездесу соңында ашық диалог сессиясы ұйымдастырылып, оның аясында педагогтер туындаған сұрақтарын қоюға және талқыланатын аспектілер бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік алды.