«Шығармашылық. Шабыт» атты педагогикалық шеберлік байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
«Шығармашылық. Шабыт» атты педагогикалық шеберлік байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
2026 жылғы 12 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы білім беру үдерісінде шығармашылық бағыттағы инновациялық идеялар мен тәжірибелерді анықтау және педагогтердің шығармашылық құзыреттілігін қолдау, сондай-ақ үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсатында «Altyn Sapa» инновациялық жобасы аясындағы «Шығармашылық. Шабыт» атты педагогикалық шеберлік байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың облыстық кезеңіне білім беру ұйымдарынан шығармашылық қабілеті жоғары, жаңашыл педагогтер қатысып, өздерінің авторлық идеяларын, инновациялық әдіс-тәсілдерін және тиімді педагогикалық тәжірибелерін ұсынды.
Байқау бағыттарындақатысушылардың кәсіби шеберлігі, шығармашылық ізденісі, педагогикалық жаңашылдығы және тәжірибенің практикалық маңыздылығы бойынша бағаланды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпаздары анықталды.
1 бағыт – «Жасанды интеллектіні шығармашылық құрал ретінде пайдалану» (көркем немесе музыкалық туындылар).
I орын – Павлодар қаласыныңЖ.Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміТөлеухан Бахытгул;
ІІ орын – Ертіс ауданыбілім беру бөлімінің№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі Ильмуратова Қарлығаш Мейрамбекқызы;
III орын — Павлодар облысы білім беру басқармасының«Жас Дарын» мамандандырылған мектеп –лицейінің көркем еңбек пәні мұғаліміТологони Қанипа.
2 бағыт –«Визуалды шығармашылық»(қолөнер бұйымдары, суреттер, сәндік-қолданбалы жұмыстар, дизайн).
I орын – Екібастұз қаласы білім беру бөлімініңАбай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Қабылда Мирас Мұратұлы;
I орын – Павлодар қаласының№47 жалпы орта білім беру мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Кинжибаева Салтанат Николаевна;
ІІ орын – Павлодар облысы білім беру басқармасының «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі Абиева Назгуль Мейрамовна;
III орын – Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Айналайын» сәбилер бақшасының педагог-психологі Сипатова Айгуль Сайдашевна;
III орын – Ертіс ауданы білім беру бөлімініңБалалар шығармашылығы және демалыс орталығының қосымша білім беру педагогі Тютенова Жанна Ергалиевна;
3 бағыт –«Дыбыстық және мультимедиялық шығармашылық»(саунд-арт, дыбыс дизайны, музыка мен визуализацияны үйлестіру).
ІІ орын – Екібастұз қаласыбілім беру бөлімінің№25 қазақ қыздар гимназиясыныңмузыка пәні мұғалімі Умарова Аминат Сагындыковна.