ТИІМДІ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

ТИІМДІ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

ТИІМДІ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ағымдағы жылғы 12 наурызда «Оқу процесін талдау, бақылау және сүйемелдеуді тереңдету» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
Бұл – мамандандырылған мектептер директорлары орынбасарларының басқарушылық дағдыларын жетілдіруге арналған циклдің үшінші сабағы.
Аталған цикл педагогтердің қиындықтарын диагностикалау, ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу жүйесін енгізу және бақылаудың белсенді формаларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған.
Семинарға қатысушылар 2-тоқсан нәтижелері негізінде оқу процесін талдау құралдарын және «әлсіз тұстарды» анықтау мәселелерін талқылады.
Оқыту семинарлары циклі тиімділігінің күтілетін нәтижесі – 3-тоқсанда уақтылы бақылау нәтижесінде «үлгерімі төмен» оқушылар санының азаюы, жазалаушы бақылаудан диагностикалық және консультативтік бақылауға көшу, нәтижесінде ұйым ішінде тиімді жұмыс істейтін әдістемелік қолдау жүйесін қалыптастыру.