«Оқудағы олқылықтардан сапалы нәтижеге: заманауи педагогикалық тәсілдер мен инновациялар» — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«Оқудағы олқылықтардан сапалы нәтижеге: заманауи педагогикалық тәсілдер мен инновациялар»

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«Оқудағы олқылықтардан сапалы нәтижеге: заманауи педагогикалық тәсілдер мен инновациялар»

2026 жылғы 19 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім» жобасы аясында өңірдің педагогикалық қауымдастығына арналған көктемгі мектеп ұйымдастырды. «Оқудағы олқылықтардан сапалы нәтижеге: заманауи педагогикалық тәсілдер мен инновациялар» тақырыбындағы кездесу кәсіби дамуға ұмтылған 1500-ден астам мұғалімді біріктірді.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жоюға арналған практикалық құралдармен таныстыру, оқытудың инновациялық әдістерін, сараланған және жеке оқыту технологияларын, тұрақты білім беру нәтижелерін қалыптастыру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және білім беру үдерісінде цифрлық құралдарды қолдану.

Семинар кәсіби диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға және оқыту сапасын арттыруға, әрбір білім алушыны қолдауға бағытталған жаңа шешімдерді іздеуге арналған тиімді алаңға айналды. Өз кезегінде көктемгі мектеп әдістемелік идеяларды оқушыларымыздың нақты жетістіктеріне айналдыруға серпін беретін маңызды бастама болды.

Іс-шара соңында қатысушылар шеберлік сабақтарының жоғары практикалық маңыздылығын атап өтіп, жаңа тоқсанда меңгерілген әдістемелерді оқу үдерісіне енгізуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл өз кезегінде олардың кәсіби құзыреттерін кеңейтуге, заманауи білім беру тәжірибелерімен танысуға және сапалы білім нәтижелеріне қол жеткізудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік берді.