«OI SANDYQ» оқу және математикалық сауаттылықтан зияткерлік байқаудыңреспубликалық кезеңі өтті
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
«OI SANDYQ» оқу және математикалық сауаттылықтан зияткерлік байқаудыңреспубликалық кезеңі өтті
2026 жылғы 30 наурыздаҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласында № 51 М.Шоқай атындағы мектеп-гимназиясы базасында қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «OI SANDYQ» республикалық зияткерлік байқауы өтті. Байқау республикалық деңгейде биыл екінші рет өткізілуде.
Мақсаты – кіріктірілген тапсырмалар арқылы педагогтердің функционалдық сауаттылығын дамыту.
Аталған сайыста10 педагогтен құралған команда (5 қазақ тілі және 5 математикапәні мұғалімдері) Павлодар облысының намысын қорғады.Байқау барысында сайыскерлер оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша кіріктірілген тапсырмалар орындады.
Сайыстың алғашқы кезеңі – жұптық сайыста Павлодар облысы білім беру басқармасының Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Байрон Мәрес Жумашұлы және математика мұғалімі Амренова Айнагуль Сарсембаевна І орын иеленіп, Дипломмен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушылары сертификатқа ие болды.
31 наурызда қазақ тілін оқыту, сондай-ақ жалпы оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық бойынша практикалық семинар өтті. Ұстаздар мектеп оқулықтарының жай-күйіне тоқталып, үлгілік оқу жоспарларының негізгі ерекшеліктері және базалық құндылықтар мен күтілетін нәтижелерді талқылау алаңдарына қатысты.