Құқықтық білім берудің тиімді тәжірибелері – білім сапасын жақсарту ресурсы
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Құқықтық білім берудің тиімді тәжірибелері – білім сапасын жақсарту ресурсы
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Ақтоғай ауданының білім беру бөлімі Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназиямен серіктестік жағдайында «Құқықтық білім берудің тиімді тәжірибелері – білім сапасын жақсарту ресурсы» тақырыбында облыстық әдістемелік шеберхана өткізді.
Құқықтық білім берудің тиімді тәжірибелерін тарату арқылы білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және оқу-тәрбие үдерісінде құқықтық білім беру сапасын жақсартудың әдістемелік ресурстарын айқындау.
Іс-шараға мектеп директорлары мен орынбасарлары, тарих-құқық пәндерінің мұғалімдері қатысты. Абай атындағы гимназия мен М. Қайырбаев атындағы орта мектеп мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, құқықтық білім берудің заманауи тәсілдері мен тиімді тәжірибелерін ұсынды. Іс-шара барысында қатысушылар заманауи талаптарға сәйкес оқу сабақтарында және мектептегі құқықтық тәрбие үдерісінде қолданып жүрген тәжірибелерін ортаға салды. Мұғалімдер оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда интерактивті әдістер мен кейс-технологияларды қолдану жолдарын көрсетті.
Бұл шеберхана құқықтық білім берудің сапасын арттыруға және оқушылардың құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Бірлесе отырып, білім берудің жаңа белестерін бағындыруды жалғастырамыз!
Сурет ЖИ арқылы жасалған