Аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеудің ерекшеліктері — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеудің ерекшеліктері

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеудің ерекшеліктері

Білім беруді дамытудыңинновациялық орталығы 2026 жылғы 17 сәуірде Павлодар қаласының №26 жалпы орта білім беру мектебімен бірлесіп, «Ашық мектеп» жобасы аясында «Аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.

Семинар барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды: АСБ бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, қалаусыз мінез-құлықпен жұмыс істеу әдістері, ынталандыруды оқытудың тиімді құралы ретінде пайдалану, сондай-ақ АСБ бар бастауыш сынып оқушыларын оқытуды қолдау үшін жаһандық оқу әдісін қолдану.Іс-шараға қатысушылар тәжірибе және кәсіби пікірлерімен алмасып, ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын атап өтті.

Соңында ашық микрофон форматында рефлексия жүргізіліп, қатысушылар сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады.