«Адал азамат: идеядан әрекетке дейін – сапалы білімге бағытталған тәжірибелер» облыстық форумы өтті
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
«Адал азамат: идеядан әрекетке дейін – сапалы білімге бағытталған тәжірибелер» облыстық форумы өтті
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» КММ, Ж.Тәшенев атындағы ЖОББМ КММ, сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігі мен білім беру басқармасының «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаттары (дарынды ер балаларға арналған және дарынды қыз балаларға арналған) ұйымдастыруымен 2026 жылғы 17 сәуірде Павлодар қаласында облыстық форум өтті.
Форумның негізгі мақсаты – «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені білім сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде енгізу, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, талдау және тарату.

Форум бағдарламасы бірнеше маңызды бөлімдерден тұрды. Пленарлық отырыста білім беру саласының өкілдері, педагогтер, ата-аналар мен оқушылар оқу сауаттылығын дамыту, экологиялық тәрбие, шығармашылық әлеуетті ашу, кәсіби бағдар беру, буллингтің алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Инновациялық орталықтың жетекшілігімен оқу-тәрбие ісі орынбасарларына арналған кіріктірілген сабақтар ұйымдастырылып, пәндер арасындағы байланыс негізінде заманауи оқыту тәжірибелері көрсетілді. Сонымен қатар, ата-аналарға арналған шеберлік сағаттары өткізіліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тәжірибелік жұмыстар ұсынылды.
Қатысушылар білім беру үдерісіне құндылыққа негізделген тәсілдерді енгізудің тиімді жолдарымен танысып, тәжірибе алмасу алаңында кәсіби байланыстар орнатты. Форум қорытындысында үздік тәжірибелер марапатталып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар қабылданды. Жабылу салтанатында қатысушыларға сертификаттар табысталды.