«ТІЛІМ — ТІРЕГІМ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«ТІЛІМ — ТІРЕГІМ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы мамыр айында «Мың бала» жобасы аясында ұйымдастырылған «Тілім — тірегім» облыстық конкурсының қорытынды кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты — инновациялық әдістемелер кешенін қолдана отырып, қазақстандық этнос білім алушыларға қазақ тілін жеделдетіп оқыту бойынша озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.

Конкурсқа бағдарламалары қалалық/аудандық іріктеу кезеңінен өткен білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогтері қатысты. Қатысушыларға облыстық конкурсқа қатысқаны үшін сертификаттар табысталады.

Қазылар алқасының мүшелері қызметінің қорытындысы бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды:

І орын – Мусабекова Назигуль Махметовна, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№25 қазақ қыздар гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

ІІ орын —  Сарсембаева  Гаухар Болатовна, Павлодар ауданы білім беру бөлімінің «Шақат жалпы орта білім беру мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

ІІІ орын – Аманжолова Гульбира Баянжановна, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Қалқаман ауылының орта мектебі»КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 «Тілім — тірегім» облыстық конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!