«БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» облыстық тамыз конференциясының тақырыптық алаңдары

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» облыстық тамыз конференциясының тақырыптық алаңдары

2025 жылғы 21 тамызда Павлодар қаласының №35 жалпы орта мектебінде дәстүрлі облыстық тамыз конференциясы аясында педагог қызметкерлердің панельдік секциялары өтті.

Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер мен әдіскерлер қатысты.

12 секция жұмысы барысында 2025–2026 оқу жылына арналған білім беруді дамытудың басым бағыттары қарастырылды.

Негізгі тақырыптар:

* мектепке дейінгі білім сапасы мен қолжетімділігі;

* жаңартылған мемлекеттік стандарттарды енгізу;

* басқарушылық құзыреттерді дамыту;

* білім беруді цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу;

* «Ауыл мектебі – сапа алаңы» тұжырымдамасы.

Бастауыш білім деңгейінде ішкі бағалау жүйесін жетілдіру, қалыптастырушы бағалауды тиімді енгізу және оқушылардың жеке оқу траекторияларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, жас мамандардың кәсіби өсуі мен бейімделуі, педагогтердің жаңа буын қауымдастығын құру жолдары талқыланды. Іс-шара педагогикалық тәжірибе алмасудың, тиімді диалог пен стратегиялық бағдарларды айқындаудың маңызды алаңына айналды