«ҰСТАЗДАН ҮЙРЕНІП, МАМАНДЫҚҚА ҰМТЫЛДЫМ»
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
«ҰСТАЗДАН ҮЙРЕНІП, МАМАНДЫҚҚА ҰМТЫЛДЫМ»
облыстық онлайн байқауының қорытындысы
2025 жылғы 30 қыркүйегінде «Ұстаздан үйреніп, мамандыққа ұмтылдым» облыстық онлайн байқауы аяқталды. Байқау ұстаздық жолында тәлімгер болған алғашқы немесе шабыт алған ұстазын құрметтеуге бағытталған.
Қатысушыларға өздерінің тәлімгерлерінің баға жетпес тәжірибесін шығармашылықпен түсініп, оны заманауи медиаформаттар арқылы жеткізу ұсынылды.
Байқау жас педагогтің тағдыры ұстазымен қаншалықты терең, әрі ажырамас байланыста екенін айқын көрсетті.Қатысушылар өздерінің бейнежазбаларында тәлімгерлерінің даналығы мен кәсібилігі, олардың өмір жолында жолбасшы жұлдызға айналғанын әсерлі түрде көрсетті. Әрбір хикая – тәлімгерлік тек білім беру емес, жүректен берілетін сый екенін дәлелдеді.
Байқау нәтижелері:
Бас жүлде – Нуртаева Арайлым Далелхановна, Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі.
І дәрежелі диплом – Байгел Гүлнұр Мейрамқызы, Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатының математика және физика пәнінің мұғалімі.
ІІ дәрежелі диплом – Мухаметхан Нурдаулет, Баянауыл ауданы Үшқұлын негізгі жалпы білім беру мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
ІІІ дәрежелі диплом – Смагулова Сания Сериковна, «Жас Дарын мамандандырылған мектеп-лицейінің математика және физика пәнінің мұғалімі; Серікбай Данна Серікқызы, Май ауданы Байғабыл Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебінің хореографы.
Номинациялар:
- «Ұстаз жүрегінің үні» – Телеухан Гүлден, Май ауданы Саты негізгі орта мектебінің қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
- «Ұрпақтар арасындағы сабақтастық» – Бахытгуль Рахманбергеновна Омарова, Май ауданы Көктөбе орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
- «Өмірбойытәлімгер» – Раимбек Темирболатулы Алимов, Ақтоғай ауданы Абай атындағы жалпы білім беру мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.
Ұйымдастырушылар тәлімгерлік дәстүрін сақтап, оны дамытуға үлес қосып жүрген ұстаздарға белсенді қатысқаны үшін шынайы алғысын білдіреді.