Мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша желілік өзараіс-қимылдың заманауи моделі
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша желілік өзараіс-қимылдың заманауи моделі
Бүгін Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Мектепке бағдар» жобасы аясында «Екібастұз қаласының №18 сәбилер бақшасы» КМҚК құзыреттілік орталығында «Мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша желілік өзараіс-қимылдың заманауи моделі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша озық тәжірибе алмасу және инклюзивті жағдайдағы мектепке дейінгі және бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылау мақсатында педагогтерді біріктірді.
Семинардың ең өнімді бөлігі интерактивті шеберханалар жұмысы болды. Ол жерде қатысушылар өздерінің тәжірибелік әдістемелерімен бөлісіп қана қоймай, күнделікті жұмысқа арналған «Жылдам кейстермен» де танысты.
Семинар қорытындысы бойынша инклюзивті ортада жұмыс істейтін педагогтерге пайдалы болатын «Ресурстар банкі» құрылды.