How to teach students to write essays, letters, and creative texts in English in preparation for the Olympiad

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

How to teach students to write essays, letters, and creative texts in English in preparation for the Olympiad

2025 жылдың 11 қараша күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Олимп шыңы» кіші жобасы аясында облыстың ағылшын тілі пәні педагогтеріне арналған«How to teach students to write essays, letters, and creative texts in English in preparation for the Olympiad» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Семинар барысында қатысушылар дәлелді эссе жазу бойынша практикалық жұмысқа белсене қатысты. Педагогтер жазбаша тапсырмалардың үлгілерін әзірлеп, талдады, эссенің әртүрлі түрлерін жазуға арналған алгоритмдер мен тірек сызбаларын құрды. Эссе — жазбаша тілдің ең күрделі түрлерінің бірі ретінде қарастырылды.

Арнайы назар білім алушылар эссе мен хат жазу кезінде жиі кездесетін қиындықтарға және оларды еңсеру жолдарына аударылды. Қатысушыларға лексикалық-грамматикалық дағдыларды, ойдың жүйелілігі мен дәлелді баяндалуын дамытуға бағытталған нақты әдістемелік тәсілдер мен жаттығулар ұсынылды.

Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, қатысушыларға әрі қарайғы педагогикалық тәжірибеде қолдануға арналған пайдалы әдістемелік материалдар мен ұсынымдар берді.