ЖАС МҰҒАЛІМДЕР МЕКТЕБІ
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
ЖАС МҰҒАЛІМДЕР МЕКТЕБІ
2025 жылғы 18 қараша күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жас мұғалімдер мектебі» жоспары бойынша «Тәлімгерлік — жас мұғалімдердің кәсіби өсуінің құралы» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға 380-ден астам ұстаздар мен тәлімгерлер қатысты. Семинар жас мамандарға жүйелі қолдау көрсететін және олардың кәсіби ортаға тиімді бейімделуін қамтамасыз ететін мәселелерді талқылауды мақсат етті.
Қатысушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығында тәлімгерлік қызметті ұйымдастыру қағидаларымен және тәлімгерлік көрсететін педагогтарға қойылатын талаптармен таныстырылды. Бұл құжат тәлімгерлер жұмысының бірыңғай тәсілдерін анықтайды және олардың функцияларын, құқықтары мен міндеттерін белгілейді. «Жас мұғалімнің кәсіби бейімделуі: тәлімгердің рөлі мен тірегі» тақырыбында Май ауданы Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінің іс-тәжірибесі көрсетілді.
Мұғалімдерге кәсіби дамудың маңызды бөлігі ретінде сабаққа бару мен өзара баруды қалай ұйымдастыру керектігі туралы нұсқаулар берілді. Семинар соңында 0-1 жылдық тәжірибесі бар жас мұғалімдерге жүргізілген сауалнама қорытындылары шығарылды, бұл олардың қажеттіліктерін, қиындықтарын, тәлімгерлік жұмысын одан әрі жетілдіруге деген үміттерін анықтауға мүмкіндік берді