«Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: өзекті мәселелер және тиімді нәтижелер. Консультациялық пункттердің жұмыс тәжірибесі»

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: өзекті мәселелер және тиімді нәтижелер. Консультациялық пункттердің жұмыс тәжірибесі»

2025 жылғы 21 қарашада Қостанай қаласында «Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: өзекті мәселелер және тиімді нәтижелер. Консультациялық пункттердің жұмыс тәжірибесі» атты республикалық педагогикалық технологиялар фестивалі өтті. Іс-шара мектепке дейінгі білім беру саласындағы консультативтік қызметті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
ҚР ОАМ «Балаларды» ерте дамыту институты» РММ, облыстық білім басқармасы және Қостанай қаласының білім бөлімі. Фестивальге еліміздің барлық аймақтарынан келген педагогтер, әдіскерлер, облыстық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, әдістемелік орталық қызметкерлері, балабақша басшылары қатысты. Педагогтер мен әдіскерлер цифрлық сервистерді, жасанды интеллект элементтерін, мультимедиялық құралдарды қолдана отырып, балалар мен ата-анамен жүргізілетін консультативтік жұмыстың мазмұны, құрылымы және инновациялық формаларын таныстырды.
Консультациялық пункттердің әлеуеті — баланың қабілетін ерте анықтау, жеке бағытын айқындау және ата-аналарға сапалы бағыт-бағдар беру екені көрсетілді.