Екібастұз қаласында мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған облыстық семинар
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Екібастұз қаласында мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған облыстық семинар
2025 жылдың 21 қарашасында Павлодар облысы «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» Екібастұз қаласының білім беру бөлімінің «Көптілді дамытудың №6 сәбилер-бақшасы» «Тіл тұғырым» жобасы аясында «Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық семинар өткізді.
Шараның негізгі мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың байланыса сөйлеу дағдыларын инновациялық әдістер мен технологиялар арқылы дамыту, педагогтер мен әдіскерлерге заманауи білім беру әдіс-тәсілдерін ұсыну.
Аталған шараға облыстың балабақша педагогтерімен әдіскерлері қатысты. Іс-шара аясында балалардың коммуникативті дағдылырын дамытудағы жаңа тәсілдер мен технологиялар ұсынылып, педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған шеберлік сағаттар ұйымдастырылды.
«Сөйлеу – баланың дамуының айнасы» атты ток-шоу форматында қатысушыларға цифрлық технологиялар, ертегітерапия мен сторителлинг, ойын әдістері, скрайбинг және жасанды интеллекті қолдану арқылы балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Семинардың ерекше бөлімі ұйымдастырылған квест форматындағы экскурсия болды. Педагогтер әртүрлі станцияларда тапсырмаларды орындап, интерактивті аймақтармен танысты. Бұл формат педагогтерге инновациялық жабдықтардың тиімді жұмысын көруге және оның мүмкіндіктерін ойын арқылы терең сезінуге мүмкіндік берді.
Семинар педагогтердің кәсіби тәжірибесін жаңғыртуға, инновациялық әдістер мен технологияларды білім беру үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік берді. Іс- шара балалардың сөйлеу дағдыларын дамытудағы жаңа тәсілдерді енгізу үшін маңызды алаң болды.