Озық педагогикалық тәжірибе жинақтау — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Озық педагогикалық тәжірибе жинақтау

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Озық педагогикалық тәжірибе жинақтау

2025 жылғы 28 қарашада Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының «Педагогикалық бастамалар – 2025» облыстық қорытынды кезеңін (қорғау) өткізді.

Конкурс мақсаты – білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуді қамтамасыз ететін  оқыту мен тәрбиелеудегі озық тәжірибені анықтау, педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Конкурсқа облысымыздың мамандандырылған және жалпы білім беретін, мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру және арнайы білім беру  ұйымдарының педагогтері 5 бағыт бойынша қатысты:

1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»;  

2) «Шеберлік палитрасы»;

3) «Шығармашыл толқын»;

4) «Сабақ аяқталған соң…»;

5) «Психолог сандықшасы».

Конкурс  қорытындысы бойынша келесі педагогтердің жұмыстары үздік деп танылды:

«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша:

  • Казиева Багда Адилхановна, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия басшысының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары;
  • Бахатхан Оразбек, Павлодар қаласының М.Әлімбаев ат. ЖОМ басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

«Шеберлік палитрасы» бағыты (пән мұғалімдері) бойынша:

  • Жумабаева Асия Камалиденовна, Павлодар қаласының №39 ЖОМ география пәнінің мұғалімі;
  • Дугина Анастасия Егоровна, Ақсу қаласының № 7 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
  • Шабажанова Салтанат Калиаскаровна, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі;

«Шығармашыл толқын» бағыты бойынша:

Мамбаева Аселия Нурланқызы, Павлодар қаласының №112 сәбилер бақшасының тәрбиешісі;

Есенбаева Фариза Кайпназаровна, Ақсу қаласының №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Конкурстың үздік жұмыстары «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына жіберіледі.