Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі
Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтерінің тәжірибесін тарату мақсатында Қазақстан Республикасының арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылдың 1–30 қараша аралығында Алматы қаласында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі – 2025» республикалық конкурсын өткізді.
Павлодар облысынан конкурсқа 3 жұмыс жіберілді.
Нәтижесінде,«ППТК, арнайы балабақшаның үздік педагогі (тәрбиешісі)» номинациясы бойынша Павлодар қаласындағы №49 арнайы сәбилер балабақшасының тәрбиешісі Джуматаева Бахытгуль Балтабаевна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз!