ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫНАН БАСТАЛАДЫ
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫНАН БАСТАЛАДЫ
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2025 жылғы28 қарашасында «Оқу сауаттылығы – функционалдық сауаттылықтың негізі» тақырыбында семинар-практикумын өткізді.Іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және білім алушылардың оқу сауаттылығының сапасын арттыруға бағытталды.
Қатысушыларға бастауыш сынып білім алушыларының мәтінді түсіну дағдыларын бағалайтын халықаралық PIRLS-2021 зерттеуінің нәтижелері бойынша талдамалық ақпарат ұсынылды.
Педагогтер когнитивтік деңгейлері әртүрлі сұрақтарды құрастыру тәсілдерімен және ақпаратты іздеу, талдау, интерпретациялау дағдыларын дамытуға арналған практикалық әдістермен танысты.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар әдістемелік материалдармен жұмыс жасап, оқу жағдайларын талдап, оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді тәсілдерімен алмасты.
Семинар қорытындылары бойынша оның жоғары практикалық маңыздылығы атап өтілді. Ұсынылған ұсынымдар білім алушылардың оқу сауаттылығын одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.