Педагогтерге  арналған «Қысқы мектеп» әдістемелік шеберханасы өтті — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Педагогтерге  арналған «Қысқы мектеп» әдістемелік шеберханасы өтті

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Педагогтерге  арналған «Қысқы мектеп» әдістемелік шеберханасы өтті

2026 жылғы 06 қаңтар күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім» жобасы аясында педагогтер үшін «Күрделі тақырыптарды меңгертудегі тиімді жолдар: тәжірибе мен тетіктер» тақырыбында «Қысқы мектеп» ұйымдастырылып,ҰБТжәне функционалдық сауаттылық тапсырмаларына дайындықты жақсарту, сонымен қатар күрделі тақырыптар бойынша білім олқылықтарын толтыру үшін әдістемелік семинарлар өткізілді.

Педагогтерге арналған әдістемелік семинар өз жұмысын жалғастырды. Күндізгі бағдарлама оқудағы қиындықтарды диагностикалауға, пәндік кемшіліктерді жоюдың тиімді жолдарына, заманауи педагогикалық технологияларды сабақта да, сабақтан тыс уақытта да қолдануға бағытталды.Семинар барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, күрделі тақырыптармен жұмыс істеудің сәтті тәжірибелерін талқылап, білім беру үдерісінде білім алушыларға одан әрі қолдау көрсету жолдарын белгіледі.Іс-шара кәсіби диалог, шешімдерді бірлесіп іздеу, білім беру нәтижелерінің сапасын арттыру бойынша алдағы жұмыстарды жоспарлау алаңына айналды.

Қысқы мектеп аясында әдістемелік шеберхананың өткізілуі оқыту сабақтастығын қамтамасыз етудің, білім беру нәтижелерінің сапасын арттырудың және педагогтердің кәсіби өзара іс-қимылын дамытудың маңызды кезеңі болды, сондай-ақ әрбір білім алушының табысына бағдарланған бірыңғай білім беру кеңістігін құруға ықпал етті.