ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы 8-9 қаңтар күндері Алматы облысының Қаскелең қаласында Сүлеймен Демирель университетінің базасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының республикалық кезеңін өткізді.

Мақсаты – педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Фестивальға Павлодар облысы бойынша 7 педагог – мамандандырылған мектептер басшылары мен орынбасарлары, жалпы білім беретін мектептер және  мектепке дейінгі ұйымдар педагогтері қатысты.

Бағдарламаға сәйкес бағыттар бойынша педагогикалық идеялар жобалары қорғалды.  
            Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізілді:
1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың әдіскерлері);
2) «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері); ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер (химия, биология, география, экология); физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика); қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, тарих, құқық); ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер; қолданбалы цикл (бейнелеу өнері, көркем еңбек, дене шынықтыру, технология, АӘД, музыка, қолданбалы өнер).
3) «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері);
4) «Сабақ аяқталған соң…» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері);
5) «Психолог сандықшасы» (психологтер, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтер).

             Конкурс қорытындылары бойынша:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І дәрежелі Дипломымен:

  • Бахатхан Оразбек, Павлодар қаласының М.Әлімбаев ат. ЖОМ басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, музыка пәнінің мұғалімі;

                   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІ дәрежелі Дипломымен:

  • Жумабаева Асия Камалиденовна, Павлодар қаласының №39 ЖОМ география пәнінің мұғалімі;

                   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІІ дәрежелі Дипломдарымен:

  • Шабажанова Салтанат Калиаскаровна, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия басшысы, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі;
  • Дугина Анастасия Егоровна, Ақсу қаласының № 7 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
  • Казиева Багда Адилхановна, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия басшысының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі;
  • Есенбаева Фариза Кайпназаровна, Ақсу қаласының №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сондай-ақ, фестивальдің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды. 

ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЫЗДЫ ЖЕҢІСТЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!