Ағылшын тілі пәні педагогтеріне республикалық семинар-практикум өтті
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Ағылшын тілі пәні педагогтеріне республикалық семинар-практикум өтті
2026 жылғы 28 қаңтар күні Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәні педагогтеріне арналған республикалық онлайн семинар-практикум өтті.
Іс-шара Павлодар, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылып, «Сапаға жол – тілдік дағдылар деңгейін арттыру» тақырыбына арналып, еліміздің аталмыш өңірлерден ағылшын тілі пәнінің педагогтері қатыса алды.
Семинар-практикумның негізгі мақсаты – ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тілдік дағдыларды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) тиімді дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер мен практикалық құралдарды меңгерту, сондай-ақ сапалы білім беруге жетелейтін инновациялық педагогикалық тәжірибелермен бөлісу.
Іс-шара барысында қатысушыларға тәжірибелі педагогтердің құрастырған авторлық бағдарлама негізінде шеберлік сабақтары, тиімді оқыту стратегиялары, практикалық тапсырмалар мен интерактивті форматтағы жұмыстар ұсынылды. Семинар ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуына және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.