«EDUSTREAM ЖҰЛДЫЗДАРЫ — 2026. PLAY! THINK! SPEAK!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
«EDUSTREAM ЖҰЛДЫЗДАРЫ — 2026. PLAY! THINK! SPEAK!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
2026 жылғы 20 ақпанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы бастауыш сыныптардағы ағылшын тілі мұғалімдері арасында өткен «EduStream жұлдыздары — 2026. Play! Think! Speak!» республикалық байқауының облыстық кезеңінің ІІ турын қорытындылады. Сайысқа өңіріміздің ең үздік 9 педагогы қатысты.
Байқау барысында заманауи оқу-әдістемелік кешендер негізінде 3-4 сынып оқушыларының материалды сапалы меңгеруіне және спонтанды сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін ойын және ситуациялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.
Сайыс бағдарламасы екі негізгі кезеңнен тұрды:
Байқаудың бірінші кезеңінің І туры бойынша педагогтер 3-4 сыныптарға арналған сабақтың қысқа мерзімді жоспарын ұсынса, ІІ турда сабақтың бейнефрагменттерін таныстырды.
Сарапшылар қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар келесідей анықталды:
Бас жүлде: Дугина Анастасия Егоровна (Ақсу қ., №7 ЖОББМ);
І орын: Икласова Айгуль Базыловна (Ақтоғай ауданы, М. Қайырбаев атындағы ЖОББМ);
ІІ орын: Есова Сымбат Асыловна (Екібастұз қ., С. Торайғыров атындағы №22 МГ) және Сләмбек Диана Муратқызы (Ақтоғай ауданы, Нығманов атындағы ЖОББМ);
ІІІ орын: Тлеубердина Ботакоз Мустахимовна (Баянауыл ауданы, М. Әуезов атындағы ЖОББМ) және Каменова Гульмира Толегеновна (Павлодар қ., №25 ЖОББМ).
Жеңімпаздар республикалық кезеңде Павлодар облысының намысын қорғау мәртебесіне ие болды. Барлық қатысушыларға инновациялық педагогикалық тәжірибені дамытуға қосқан үлестері үшін сертификаттар табысталды.
Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және республикалық додада сәттілік тілейміз!