2026 жылғы 24 ақпан күні Заря жалпы орта білім беру мектебінің базасында Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «әдістемелік десант» өтті. — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

2026 жылғы 24 ақпан күні Заря жалпы орта білім беру мектебінің базасында Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «әдістемелік десант» өтті.

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

2026 жылғы 24 ақпан күні Заря жалпы орта білім беру мектебінің базасында Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «әдістемелік десант» өтті.

2026 жылғы 24 ақпан күні Заря жалпы орта білім беру мектебінің базасында Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «әдістемелік десант» өтті. Семинар — практикумға Павлодар ауданының 122 педагогі және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қатысты.

Кездесудің басты бағыты —  білім беру технологияларын кешенді енгізуге негізделген оқыту сапасын арттыру стратегиясы болды. «Десант» форматы қатысушылардың тақырыпқа барынша терең бойлауын қамтамасыз етті: мұғалімдер ұсынылған барлық технологияларды «спираль» принципі бойынша меңгеріп, өз білімдерін теориядан күрделі практикаға дейін дәйекті түрде жетілдірді.

Қарқынды бағдарлама аясында мұғалімдер келесі бағыттарды игерді: сыни ойлауды дамыту алгоритмдері; сараланған тапсырмаларды жобалау әдістемесі; танымдық белсенділікті арттыруға арналған «Төңкерілген сынып» моделін іске асыру.Оқу үдерісін аналитикалық сүйемелдеуге және озық іс-тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша аудан мұғалімдеріне оқу-тәрбие процесін жетілдіруге арналған нақты әдістемелік ұсынымдар берілді.