«Адал азамат» құндылықтарын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: жоспарлау, мониторинг және нәтижелілік» — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«Адал азамат» құндылықтарын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: жоспарлау, мониторинг және нәтижелілік»

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«Адал азамат» құндылықтарын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: жоспарлау, мониторинг және нәтижелілік»

2026 жылғы 27 ақпан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Адал азамат» құндылықтарын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: жоспарлау, мониторинг және нәтижелілік» тақырыбында облыстық онлайн оқыту семинарын өткізді.

Іс-шараның мақсаты — білім беру мекемелерінде «Адал азамат» бағдарламасының негізгі құндылықтарын ілгерілету, мектепішілік бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету.

Семинарға облыстағы жалпы орта білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер мен мектеп психологтары қатысты.

Шара барысында «Адал азамат» бағдарламасы, «ДосболLIKE» бағдарламасы, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру өзекті тақырыптары бойынша баяндама жасалынды.

Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыс орнатып, рефлексия жасады. Мамандар алған әдістемелік ұсынымдарды мектеп тәжірибесіне енгізу жолдарын талқылап, өзара пікір алмасты. Семинар қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігіне арналған нақты ұсынымдар қабылданды.