Білім беру үдерісіндегі интеграция — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Білім беру үдерісіндегі интеграция

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Білім беру үдерісіндегі интеграция

2026 жылғы 4 наурыздаБілім беруді дамытудың инновациялық орталығы №7 арнайы мектеп-интернатыменбірлесіп«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың тәжірибеге бағдарланған дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде оқу процесіне түзету-дамыту және тәрбие жұмысын интеграциялау» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.

          Семинардың мақсаты түзету-дамыту және тәрбие жұмысын оқу үдерісіне кешенді интеграциялау мәселелерінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.

          Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларда тәжірибеге бағдарланған, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға, «Скрайбинг» әдісін және «Нейроқозғалыс» тұжырымдамасын қолдануға, сондай-ақ ұлттық құндылықтар негізінде өмірлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған шеберлік сағаттары мен ашық сабақтар ұсынылды.

          Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар жұмыс әдістерінің әртүрлілігін, материалдардың практикалық маңыздылығын, сондай-ақ педагогикалық тәжірибенің өзектілігін айқындап, оны кәсіби қызметте тиімді қолдану мүмкіндігін ерекше атап өтті.