«Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі: тесттер жинағы және тестілеуге арналған платформасы» тақырыбындағы облыстық семинар – практикум өткізілді. — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі: тесттер жинағы және тестілеуге арналған платформасы» тақырыбындағы облыстық семинар – практикум өткізілді.

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі: тесттер жинағы және тестілеуге арналған платформасы» тақырыбындағы облыстық семинар – практикум өткізілді.

2026 жылғы 3 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып педагогтеріне арналған «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі: тесттер жинағы және тестілеуге арналған платформасы» тақырыбындағы облыстық семинар – практикум өткізілді.

Іс – шараның мақсаты – оқу үдерісінде тестілеу және бағалау құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету, сондай – ақ білім сапасын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді меңгерту болды. Семинар барысында қатысушылар платформаның негізгі функцияларымен, тест тапсырмаларын құрастыру және өткізу алгоритмдерімен, нәтижелерді элементтік талдау және аналитикалық есептерді дайындау тәсілдерімен, академиялық адалдықты қамтамасыз ету механизмдерімен танысты.

Семинар кәсіби диалог алаңына айналып, қатысушыларға өзара тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді. Педагогтердің кәсіби өсуін ынталандырып, заманауи талаптарға сай жұмыс істеудің жаңа жолдарын көрсетті.