Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

Мектеп жасына дейінгі балалардың түрлі ұлттық ойындарға деген қызығушылықты ояту, сондай-ақ қазақ халқыныңмәдени мұрасы мен дәстүрлерінедеген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жылғы 2026 жылғы 13 наурызда «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық конкурсының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.Облыстық кезеңге білім беру бөлімдерінен барлығы  19 бейнеролик ұсынылды. Қатысушылардың жұмыстарын жоғары оқу орнының оқытушылары, тәжірибелі педагогтер, басшылар, әдіскерлер бағалады.

                     Байқау нәтижесі бойынша келесі орындар мен номинациялар белгіленді:

Ортаңғы топ тәрбиеленушілері арасында:

«Үздік ұйымдастырылған ұлттық ойын» номинациясы – Баянауыл ауданы,Туберкулез ауыруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шағала» балабақшасы;

«Белсенді ойыншылар» Ақтоғай ауданы, «Ақ бота» сәбилер бақшасы.

Ересек топ тәрбиеленушілері арасында:

«Алтын сақа» номинациясы– Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі гимназиясы;

«Тапқырлар мен ептілер» номинациясы –Железин ауданы, Т.П.Праслов атындағы Прииртышск НББМ;

«Үздік ойын алаңы» номинациясы – Май ауданы, Қазан ЖОББМ «Гүлдер» шағын орталығы.

Мектепалды топ тәрбиеленушілері арасында:

1 орын – Аққулы ауданы, Такыр ауылы НЖББМ;

2 орын – Ақсу қаласының №18 сәбилер бақшасы;

3 орын –Павлодар қаласының, № 96 сәбилер бақшасы -«Радуга»ҮДО; Екібастұз қаласының№21 ресурсты орталығы; Павлодар қаласының №58 сәбилер бақшасы;

«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» номинациясы –Аққулы ауданы, «Айналайын» сәбилер бақшасы.

Республикалық кезеңге Баянауыл ауданы, Туберкулез ауыруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шағала» балабақшасы; Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі гимназиясы; Аққулы ауданы, Такыр ауылы НЖББМ бейне материалдары жіберілді.