Білім берудегі түзету-дамыту кеңістігі — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Білім берудегі түзету-дамыту кеңістігі

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Білім берудегі түзету-дамыту кеңістігі

2026 жылғы 31 наурызда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы №1 балабақша-мектеп-интернаты арнайы кешенімен бірлесіп «Инклюзивті және арнайы білім беруде түзету-дамыту кеңістігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау» тақырыбында облыстық тәжірибеге бағытталған семинар өткізді.

            Семинардың пленарлық бөлімінде түзету-дамыту ортасын, педагог-психолог жұмысының тиімді кеңістігін құру, ақыл-ой мен көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру, аутистік спектрі бұзылған балалармен жұмыс істеуде баламалы коммуникацияны қолдану мәселелері қаралды.

            Практикалық бөлімінде шеберлік сағаттары және ашық сабақтар ұсынылды, онда педагогтар оқытудың заманауи әдістері мен оқушыларды түзету арқылы қолдау көрсетілді.

Семинардың сұхбат алаңында қатысушылар тиімді түзету-дамыту кеңістігін құрудың негізгі ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайларын, ЕББҚ бар білім алушылар үшін бейімделген және жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, сондай-ақ білім алушылардың осы санатының білім жетістіктерін объективті және бейімделген бағалау мәселелерін талқылады.

Қорытындысында қатысушылар ұсынылған жұмыс тәсілдері мен әдістерінің алуан түрлілігін, материалдардың қолданбалы құндылығы және педагогикалық тәжірибенің заманауи екенін атап өтіп, сондай-ақ оны өздерінің кәсіби тәжірибелерінде табысты пайдалану мүмкіндігі туралы пікір білдірді.