«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIII Республикалық байқауының облыстық кезеңі
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIII Республикалық байқауының облыстық кезеңі
2026 жылғы 30 наурыз күні Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Конкурсқа еңбек өтілі 3 жылға дейінгі 16 жас маман қатысты.
Аталған іс-шара жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың инновациялық қызметін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыруға арналған және Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде бекіту үшін жағдай жасау.
Конкурс ережесі бойынша Павлодар қаласы М.Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде педагогтер 5-9 сыныптарда ашық сабақтар берді.
КОНКУРСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:
І орын: Манарбек Аманжан Дарханұлы, Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі;
ІІ орын:Есмагамбет Аяна Талгатбекқызы, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын: Азымбаева Қымбат Жексенғазықызы, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп лицейінің химия пәнінің мұғалімі.
2026 жылғы 13 — 17 сәуір аралығында «Балдәурен» РОСО РМҚК ҚР ОАМ қолдауымен «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» конкурсының республикалық кезеңі өтеді.
Павлодар облысынан жүлделі орын алған жас маман Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі Манарбек Аманжан Дарханұлы республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!