«OI SANDYQ» оқу және математикалық сауаттылықтан зияткерлік байқаудыңреспубликалық кезеңі өтті — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«OI SANDYQ» оқу және математикалық сауаттылықтан зияткерлік байқаудыңреспубликалық кезеңі өтті

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«OI SANDYQ» оқу және математикалық сауаттылықтан зияткерлік байқаудыңреспубликалық кезеңі өтті

2026 жылғы 30 наурыздаҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласында № 51 М.Шоқай атындағы мектеп-гимназиясы базасында қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «OI SANDYQ» республикалық зияткерлік байқауы өтті. Байқау республикалық деңгейде биыл екінші рет өткізілуде.

Мақсаты – кіріктірілген тапсырмалар арқылы педагогтердің функционалдық сауаттылығын дамыту.

Аталған сайыста10 педагогтен құралған команда (5 қазақ тілі және 5  математикапәні мұғалімдері) Павлодар облысының  намысын қорғады.Байқау барысында сайыскерлер оқу сауаттылығы мен                    математикалық сауаттылық бойынша кіріктірілген тапсырмалар орындады.

Сайыстың алғашқы кезеңі – жұптық сайыста Павлодар облысы білім беру басқармасының Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Байрон Мәрес Жумашұлы және математика мұғалімі Амренова Айнагуль Сарсембаевна І орын иеленіп, Дипломмен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушылары сертификатқа ие болды.

31 наурызда қазақ тілін оқыту, сондай-ақ жалпы оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық бойынша практикалық семинар өтті. Ұстаздар мектеп оқулықтарының жай-күйіне тоқталып, үлгілік оқу жоспарларының негізгі ерекшеліктері және базалық құндылықтар мен күтілетін нәтижелерді талқылау алаңдарына қатысты.