Дамытушы ойындар: жобалау, дайындау және білім беру процесіне енгізу — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Дамытушы ойындар: жобалау, дайындау және білім беру процесіне енгізу

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Дамытушы ойындар: жобалау, дайындау және білім беру процесіне енгізу

Құзыреттілік орталықтары және Мектепке бағдар жобаларын іске асыру мақсатында Павлодар қаласының №96 сәбилер бақшасы – «Радуга» ҮДО» КМҚК базасында «Дамытушы ойындар: жобалау, дайындау және білім беру процесіне енгізу» атты облыстық семинар өткізілді.

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында мектепалды топтардың тәрбиеленушілері іс-әрекетті таңдауда бастама көтерді, әртүрлі қызмет түрлерінде өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.

«Гайд-парк» форматында Павлодар қаласының №96 сәбилер бақшасы – «Радуга» ҮДО» КМҚК педагогтары мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын қалыптастырудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін, қазіргі мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелерін стандартты емес шешімдерді, оның ішінде тәрбие – білім беру процесін ұйымдастыруда жасанды интеллектті қолдану мәселелерін біріктірудің нұсқаларын ұсынды.

Көрмеде үлкен мектеп жасына дейінгі балалардың қажеттіліктеріне бейімделген авторлық дидактикалық материалдар ұсынылды.

«Гайд-парк» қатысушыларына балалар оқу іс-әрекетінің алғышарттарын ғана емес, шығармашылық қабілеттерін де дамыта алатын атмосфераны құру нұсқалары ұсынылды.

Іс-шара барысында педагогтердің өзара іс-қимылы олардың барынша ашылуына және өз ресурстарының есебінен нәтижеге келуіне мүмкіндік берді – сұрақтарға жауап беру:

  • «Балаға 1-сыныпта сәтті бейімделу үшін қандай дағдылар қажет?»
  • «Мектеп жасына дейінгі баланың мектепке бірқалыпты көшуін қандай жағдайлар қамтамасыз етеді?»