Музыка арқылы қолдау
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Музыка арқылы қолдау
2026 жылғы 16 сәуірде Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы музыка мұғалімдеріне арналған «Музыкалық терапия және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдаудың креативті әдістері»тақырыбында практикалық алаңын ұйымдастырды. Аталған іс-шараға облыстың 250-ге жуық педагогі қатысты. Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдаудың тиімді жолдарын көрсету, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру және заманауи әдістерді насихаттау.
Практикалық алаң барысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша тәжірибемен бөлісті: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдаудың нормативтік-құқықтық негіздері және оларды тәжірибеде жүзеге асыру, жалпы білім беретін мектеп жағдайында музыкалық терапияны қолдану арқылы балалардың эмоционалдық дамуын қолдау, музыкалық терапияның ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды дамытудағы рөлі, сондай-ақ ойын логоритмиялық конструкторы арқылы оқушылардың танымдық және сөйлеу қызметін жандандыру тәсілдері.
Іс-шара барысында педагогтер заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде таныстырып, өзара тәжірибе алмасты. Музыкалық терапия мен логоритмиялық ойындардың балалардың эмоционалдық жай-күйіне, сөйлеу және танымдық белсенділігіне оң әсері көрсетілді.
Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді және (ЕББҚ) бар балалармен жұмыс барысында туындайтын қиындықтарды шешу жолдарын бірлесіп талқылады.