Педагогикалық, әдістемелік және эмоционалдық аспектілер — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Педагогикалық, әдістемелік және эмоционалдық аспектілер

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Педагогикалық, әдістемелік және эмоционалдық аспектілер

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2026 жылғы 17 сәуірде «Ашық мектеп» жобасы аясында Аққулы ауданының Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Арнайы сынып жағдайында инклюзивті оқыту: педагогикалық, әдістемелік және эмоционалдық аспектілер» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – арнайы сынып жағдайында инклюзивті оқытуды ұйымдастыру саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеудің тиімді педагогикалық, әдістемелік және эмоционалдық тәсілдерімен таныстыру болды.

Педагогтерге жайлы инклюзивті орта қалыптастыруға, оқыту сапасын арттыруға және әрбір баланың жеке әлеуетін дамытуға бағытталған практикалық құралдар мен стратегиялар ұсынылды.