«Мамандыққа кіріспе» — Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«Мамандыққа кіріспе»

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«Мамандыққа кіріспе»

Жас мамандарды қолдау және олардың кәсіби дайындығын арттыру мақсатында Павлодар облысы Білім басқармасының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы 2025 жылғы 15-16 сәуірде Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің 310 студент – түлектеріне арналған «Мамандыққа кіріспе» атты екі күндік семинар өткізді.

Іс-шара болашақ мұғалімдерде педагогикалық қызметті бастау үшін қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Семинар аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен терең танысуға, сондай-ақ оқу сабақтарын қысқа мерзімді жоспарлаудың негізгі принциптері мен алгоритмдерін зерделеуге мүмкіндік алды.

Семинарда осы сұрақтар қарастырылды: қолданыстағы заңнаманы және педагогтің кәсіби стандарттарын талдау, қысқа мерзімді жоспардың құрылымы мен мазмұнын зерттеу, оқу мақсаттарын құрастыру, тапсырмаларды тұжырымдау, бағалау критерийлерін анықтау бойынша практикалық сабақтар.

Бұл іс-шара білім беру саласындағы келешек мұғалімдер үшін кәсіби даму және тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.

Коуч-сессияға қатысу – түлектер үшін тәжірибелі педагогтармен және әріптестермен болашақ мамандықта бірлескен орта құруға үлкен мүмкіндік.