«ХАНТАЛАПАЙ» ұлттық ойындар республикалық конкурсының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

«ХАНТАЛАПАЙ» ұлттық ойындар республикалық конкурсының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Мектеп жасына дейінгі балалардың түрлі ұлттық ойындарға деген

Қызығушылықты ояту, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық конкурсының облыстық кезеңіне аудандық-қалалық білім беру бөлімдері ұсынған конкурстық материалдар қарастырылды. Конкурстың І кезеңіне барлығы 119 мектепке дейінгі ұйым қатысты. ІІ-ші кезеңге білім беру бөлімдерінен 25 бейнеролик ұсынылды.

                Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі орындар мен номинациялар

үлестірілді.

Ортаңғы топ тәрбиеленушілері арасында:

1 орын – Кенжекөл ауылының № 20 сәбилер бақшасы.

2 орын Ақтоғай ауданы, Тіленшін атындағы ЖОББМ «Бөбек» шағын орталығы.

Ересек топ тәрбиеленушілері арасында:

1 орын – Павлодар қаласының № 8 сәбилер бақшасы.

Мектепалды топ тәрбиеленушілері арасында:

1 орын – Май ауданы, Қазан ЖОББМ «Гүлдер» шағын орталығы.

2 орын – Екібастұз қаласының № 3  санаториялық сәбилер  бақшасы.

3 орын – Павлодар ауданы, Мичурин сәбилер бақшасы.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» номинациясы – Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасы;

«Алтын сақа» номинациясы – Ақтоғай ауданы, Қараоба ЖОББМ;

«Үздік ұйымдастырылған ұлттық ойын» номинациясы — Екібастұз қаласының № 21 ресурстық орталығы;

«Белсенді ойыншылар» номинациясы – Шарбақты ауданы, Шегірен ЖОББМ;

«Тапқырлар мен ептілер» номинациясы —  Павлодар қаласының № 33 сәбилер бақшасы;;

«Үздік ойын алаңы» номинациясы – Аққулы ауданы, «Айгөлек» бөбекжай бақшасы.

             Кенжекөл ауылының № 20 сәбилер бақшасы, Павлодар қаласының № 8 сәбилер бақшасы, Май ауданы, Қазан ЖОББМ «Гүлдер» шағын орталығының материалдары республикалық кезеңге қатысуға ұсынылды.